«Жүктілік кезіндегі ауруханадан тыс пневмония ағымы мен емінің ерекшеліктері» тақырыбында семинар

2023 жылдың 27 желтоқсанында Шымкент қаласының №2 Қалалық ауруханасында «Жүктілік кезіндегі ауруханадан тыс пневмония ағымы мен емінің ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.
Шараны ұйымдастырушылар – Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Фтизиопульмонология және радиология кафедрасы, №2 Шымкент қалалық аурухана, пульмонология және аллергология бөлімімен бірлесіп.
Семинарға келесі дәрігерлер шақырылды: терапевтер, ЖТД дәрігерлері, пульмонологтар, акушер-гинекологтар, педиатрлар, резидент пульмонологтар және рентгенологтар.
Жүкті әйелдердегі ауруханадан тыс пневмонияның ағымының ерекшеліктері, қауіп факторлары, диагностикасы мен емі қарастырылды.
Сонымен бірге семинарда жүкті әйелдердегі ауруханадан тыс пневмонияны визуалды диагностика әдістері де талқыланды.
Семинар модераторы кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а.
Касаева Л.Т.
Фтизиопульмонология және радиология кафедрасынан келесі баяндамалар ұсынылды:
• Кафедра доценті м.а Сергазина А.О. «Жүкті әйелдердегі ауруханадан тыс пневмония» тақырыбында әдибеттік шолу жасады.
• Кафедра ассистенті Байдилдаева Г.М. «Жүкті әйелдердегі ауруханадан тыс пневмония» Клиникалық жағдай. Клиникалық хаттамалар.
• Кафедра ассистенті Сейтова А.А. «Жүкті әйелдердегі ауруханадан тыс пневмонияның визуалды диагностикасы» тақырыбында баяндама жасалды.
Семинарға қатысушылар айтылған мәселелер бойынша талқылауға белсене қатысып, өзекті мәселелерді талқылады, бұл қатысушылар мен резидент дәрігерлерге алдағы жұмысында практикалық пайда әкелетіні сөзсіз.

28.12.2023, 10:03
520 қаралым