«Жошы хан және оның ұлысы» тақырыбында тәрбие сағаты

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Абдрасилова Сабира Туреханқызы Жошы Ұлысының 800 жыл толуына орай, 16-ыншы қазан күні «Медицина», «Стоматология», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» 2 курс білім алушыларына «Жошы хан және оның ұлысы» тақырыбында тәрбиелік сағат өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Жошы ханның өмір жолы, оның тарихтағы орны мен атқарған рөлі туралы түсінік қалыптастыру.
2. Жошы ханның ұлысы туралы мәлімет беру және оның Қазақ хандығының қалыптасуына ықпалы туралы айту.
3. Жастарға батырлық, ел қорғаушылық, әділдік және жетекшілік қасиеттері туралы тәрбиелік мәнде ой қозғау.
Тәрбие сағатында Жошы ханның өмірі мен тарихтағы орны, Жошы ханның ұлысы және Жошы ханның ұрпақтары мен Қазақ хандығына әсері туралы айтылды.
Жошы ханның әділдігі мен көшбасшылық қасиеттері, Жошы хан және ұлысының әскери қуаты туралы тарихи деректемелер көретілді.
Жошы ханның тарихтағы орнының маңыздылығы. Жошы ханның өмірі мен күресі бүгінгі ұрпақ үшін үлгі болып табылады. Оның әділдігі, батырлығы, көшбасшы ретінде қасиеттері жастарға үлгі боларлығы анық. Сонымен қатар, тәрбиелік мәні: Жошы ханның өмірін зерттеу жастарға туған елін, тарихын құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға үйретеді және әділдік, батырлық, елге деген қызмет сияқты қасиеттерді бойымызға сіңіруіміз керек деп қорытындыладық.
Тәрбие сағатының соңында сұрақ-жауап ретінде білім алушыларға:
1. Жошы ханның тарихтағы орны туралы не білесіңдер?
2. Жошы хан қандай қасиеттерімен ерекшеленді?
3. Жошы ханның ұлысы Қазақ хандығының құрылуына қандай әсерін тигізді? деген сұрақтар қойылып, студенттер өз ойларын білдірді.

12.11.2024, 17:50
225 қаралым