«ZOOM» платформасында университетаралық онлайн кездесу

2024 жылғы 14 ақпанда ZOOM платформасында «МУА» КеАҚ және «ОҚМА» АҚ университеттері арасында университет аралық онлайн кездесу өтті, онда қатысушылар 2024 жылға арналған жұмыс жоспары мен кездесулерді талқылады, жоғарғы оқу орындары ұйымдастыратын ғылыми және студенттік іс-шараларға қатысу мүмкіндіктерін келісілді.
Онлайн кездесу барысында проф. Мусина Айман Аяшевна гигиена және эпидемиология кафедраларының «МУА» КеАҚ білім алушылардың жынысы мен оқу курсын ескере отырып, салауатты мінез-құлық пен тәуекелге деген ұмтылысты бағалау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.
Онлайн кездесуге «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, сонымен қатар 2 және 4 курс білім алушылары белсенді қатысты. Кездесу сонында оқытушылар мен білім алушылар өте жақсы пікірлер білдірді.
Болашақта «МУА» КеАҚ және «ОҚМА» АҚ жоғарғы оқу орындары арасындағы онлайн-платформадағы жоғарғы оқу орындары арасындағы кездесулердің ұйымдастырушысы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., асс.профессор Сарсенбаева Гульзат Жанабаевна болады.

16.02.2024, 17:31
286 қаралым