Жоғары оку орнының үздік оқытушысы – 2023

1 қарашада «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2023» республикалық конкурсына құжаттарды қабылдау басталды!
Байқаудың мақсаты – педагог мамандығының беделін арттыру және университет оқытушыларын одан әрі кәсіби шыңдауға ынталандыру болып табылады.
Конкурсқа кемінде 5 жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі және оқытушылық және ғылыми қызметінде жоғары жетістіктері бар «ОҚМА» АҚ штаттық оқытушылары қатысты.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі – ЖОО ішіндегі және республикалық.
ЖОО конкурстық комиссиясы конкурстық құжаттаманың республикалық кезеңіне келесі үміткерлерді жіберу туралы шешім шығарды:
1.Мусабекова Л. М. – т. ғ. д., фармацевтикалық өндіріс технологиясы кафедрасының профессорының м. а.;
2.Полукчи Т. В. - жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының ассистенті, PhD-докторант, медицина ғылымдарының магистрі.


Барлық сұрақтар бойынша:
Ауанасова Акерке Туребековна +7 707 554 09 11

10.11.2023, 12:03
254 қаралым