Жобалық оқыту іс жүзінде: Демилелинизациялық аурулар бойынша жұмыстарды қорғау

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасында демилелинизациялық ауруларға арналған жобалардың қорғауы өтті. Бұл қорғау ағылшын тілінде оқитын В-ЖМША-09-20, В-ЖМША-10-20, В-ЖМША-11-20, В-ЖМША-12-20 және В-ЖМША-13-20 топтарының 5-курс студенттері арасында ұйымдастырылды. Бұл шара жобалық оқыту аясында өтті, бұл студенттерге неврология мен психиатрияның өзекті мәселелерін тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді. Жоба қорғауында кафедра оқытушылары (PhD, доцент Полукчи Т.В., к.м.н., доцент Мустапаева Г.А., ассистенттер Толебаева Г.Е., Мусаева С.К., Есетова А.А., Раманова Г.Б.) және интерн-дәрігерлер қатысты. Олар студенттердің баяндамаларын қызығушылықпен тыңдап, үш тілде оқыту аясында сұрақтар қойып, белсенді талқылауға қатысып отырды. Білім алушылардың заманауи ғылыми деректерге негізделген зерттеулерінің нәтижелерін ұсынып, таңдаған тақырыптарына деген жоғары дайындықтарын және қызығушылықтарын көрсетті. Жобалық оқыту білім беру процесінің маңызды бөлігіне айналды, бұл студенттерге критикалық ойлау, топтық жұмыс және ғылыми коммуникация дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Жоба қорғауы сондай-ақ білім мен идеяларды алмасу платформасын жасап, күрделі медициналық мәселелерді терең түсінуге ықпал етеді. Біз студенттеріміздің жетістіктерімен мақтанамыз және олардың жұмыстары Қазақстан медицинасының және одан тыс жерлердегі дамуына маңызды үлес қосады деп сенеміз. Неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының оқытушылары білім алушылардың білім мен ғылыми жетістіктерге ұмтылысын қолдауды жалғастыруда.

29.10.2024, 14:43
150 қаралым