Зияткерлік ойынының есебі
2019 жылдың 15 қарашасында академияның екінші ғимаратының дәріс залында «17 қараша – Халықаралық студенттер күніне» арналған зияткерлік ойыны өткізілді. Іс-шараны Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, гигиена және эпидемиология кафедралары бірлесіп ұйымдастырды.
Студенттік ректор К.Иембердиев академияның қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген студенттерді дипломмен марапаттап, сыйлықтар тапсырды. Іс-шараның жүргізушісі, фармация факультетінің 4 курс студенті Ришат Искаков халықаралық студенттер күнінің тарихы туралы айтты.
Интеллектуалдық олимпиадаға университеттің бірінші курс студенттерінен құралған бес команда қатысты: «Алмаз», «Ақылды таулар», «Фортуна», «Лорд Фармацевтика», «Патологтар». Ойын төрт турдан тұрды: іріктеу ойыны, еркін тақырыптағы сұрақтар, ситуациялық тапсырмалар, кілт сөздер. Іс-шараның мақсаты - қиын мәселелерді шешудің шығармашылық және инновациялық тәсілдерін анықтау. Ұйымдастырушылар төмендегі номинациялар бойынша бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыстады: «үздік ойыншы», «үздік капитан», «үздік зияткер». Сонымен қатар, көңілді және тапқыр жастарға жұбаныш сыйлықтарын да табыстады. Бірінші орынды «Патологи» командасы иеленді.
Мереке мұнымен аяқталған жоқ, яғни ОҚМА студенттер жатақханасында жалғасын тапты. Онда жыл сайынғы дәстүр бойынша әр студентке вермишель мен күнбағыс майы тегін таратылды.