ЖИТС-пен күрес күніне орай білім алушылар арасында өткізілген кафедрааралық конференциясы
2024 жылдың 28 қарашасында «Микробиология, аллергология және иммунология» кафедрасының ұйымдастыруымен ЖИТС-пен күрес күніне орай білім алушылар арасында кафедрааралық конференция өткізілді. Конференцияның алғашқы сөз кезегін «Микробиология, аллергология және иммунология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Сейтханова Бибігүл Төлегенқызы конференцияның маңызы мен мәнін айтып ашып берді.
Конференцияға қонақ ретінде Шымкент қалалық ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» жоғары дәрежедегі эпидемиолог дәрігері Абдиева Фатима Тыныштықбаевна, Ғылыми-клиникалық жұмыстар басқармасының басшысы Дарибаев Нұрлан Миятбекұлы қатысты. Конференцияның әділ-қазы алқасының мүшелері Абдиева Фатима Тыныштықбаевна, Гигиена және эпидемиология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты Ескерова Сара Устемировна, Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының ассистенті, жоғары санатты дәрігер инфекционист Сарыпбекова Лаура Лесбековна болды.
Конференцияның маңызды сәттерінің бірі – жастар арасындағы АИТВ инфекциясының алдын алу және АИТВ-мен өмір сүретіндерді кемсіту мен таңбалауға қарсы күрес тақырыбында тәжірибе алмасу болды. Бұл бағытта Ф.Т. Абдиева өзінің мол тәжірибесімен бөлісті. Білім алушылармен АИТВ/ЖИТС-тын жұғу жолдары, аурудың алдын алу туралы мәліметтермен бөлісіп, ақпараттық буклеттер таратты, сонымен бірге білім алушыларды экспресс-тесттілеуден өткізді.
Конференцияға баяндамашы ретінде АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» алыс шет ел жене жергілікті студенттері мен резиденттері қатысты.
Жүлделі орын иегерлері:
«Үздік баяндама» номинациясы жеңімпазы: резидент-инфекционист Бектан Бекжан Еркінұлы.
«І орын» иегерлері резидент-инфекционисттер Қайнарқызы Дамира және Тұрғанбек Алина Дүйсенбекқызы.
«ІІ орын» иегерлері: «Стоматология» мамандығының студенттері Бекмұрат Балжан Ержанқызы және Алканбаева Дилноза Бахтиевна.
«ІІІ орын» иегерлері: 4 курс студенттері «Жалпы Медицина» мамандығы бойынша Arafat Abdin, Shuraque Faraaqui; «Стоматология» мамандығы бойынша Саидов Анвар Хавазматович.
Барлық баяндамашыларға «Сертификат» және мамандық бойынша «Микробиология, аллергология және иммунология» кафедрасы жазған оқу әдебиеттері табысталды. Жүлделі орын иегелеріне сыйлықтар және Диплом табысталды.
Конференция қонақтары өз пікірлерімен бөлісіп, қатысушылар мен кафедра ұжымына тілектер айтылды. Баяндамалардан көп ақпараттар алынғандығы айтылды. Осындай іс-шаралар алда көп бола беруіне тілек білдірді.
![](/img/view.png)