ЖИТС – ғасыр індеті
Адамның иммунтапшылығы вирусынан немесе қысқаша АИТВ-дан туындаған инфекциялық ауру әлемнің көптеген елдерінің халқы үшін жаһандық апат болып тұр. Эпидемия қаншама миллиондаған адамдардың өмірін қиды. Бұл ауру адамдарды өте белсенді жаста зақымдайды. Иммунтапшылығы вирусы тек адамнан адамға жұғады және АИТВ инфекциясы ауруын туғызады. Адам ағзасы жұқпа жұқтырғаннан кейін, АИТВ-ны көптеген жылдар бойына бақылауда ұстай алады. Біртіндеп иммунды жүйе соншалықты әлсіреп, бұдан соң ағзаны қорғай алмайтын болады. ЖИТС - бұл АИТВ - жұқпасының соңғы даму сатысы. ЖИТС-тің білінуі әртүрлі, негізінде ол оппортунистік ауру: пневмоцистік пневмония, туберкулез, терінің және ішкі ағзалардың зеңдік зақымдануы, ұшық, токсоплазмоз, Капош саркомасы, ісіктік және басқа да аурулар. Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне 1 желтоқсан 2023ж. «Педиатрия-2» кафедрасында, ВМ-ПҚА-01-19, ВМ-ПҚА-02-19 топ білім алушыларымен, «ЖИТС-ғасыр індеті» атты ашық сабағы өтілді. Ашық сабақта білім алушыларға, жастар арасында ЖИТС-тің жұғу жолдары, алдын алу шаралары, қауіптілігі түсіндірілді.