«Жыныстық ағарту, жыныстық тәрбие және жыныстық жолдармен берілетін аурулар»

22.02.2022ж. Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-11-12 сынып оқушыларына «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының» «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының ассистенттері Байдуллаев.Б.М(ұлдарға), Батхиева.М.Б.(қыздарға) «Жыныстық ағарту, жыныстық тәрбие және жыныстық жолдармен берілетін аурулар» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында жасөспірім ұл-қыздарға өз тәніне сауатты көзқарас қалыптастыру, жыныстық жетілу барысында болатын өзгерістерді білу, ерте жыныстық қатынас пен жоспарланбаған жүктіліктен қорғану туралы ақпарат беріліп, сонымен қатар өзін қорғай білу, зорлық-зомбылықты болдырмау және сақтану ережелерін білудің маңызды екенін айтты. Жыныстық жолмен берілетін ЖИТС, хламидиоз, мерез және т.б., аурулардың салдарының ауырлығы жөнінде түсіндірілді.
Сондай-ақ жыныстық жетілудің кезеңдері жайында және оның физикалық, ішкі өзгерістері туралы ақпарат берілді. Дәріс соңында ассистенттер оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

03.03.2022, 20:10
516 қаралым