Ұжымдық бірлік – биік кәсіби деңгей

Дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын ОҚМФА қызметкерлері арасындағы спартакиада бұл жолы ХХХІІ рет 12-15.01.2016ж. аралығында ұйымдастырылды. Спартакиаданы салтанатты түрде командалар мен жанкүйерлер Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап,  фармацевтика факультетінің деканы Н.Ж.Жұмабаев және кәсіподақ төрағасы Е.Қ.Сәлім ашты. 

698 1 1 1

Жеке бәсекелестікті анықтайтын және ұжымдық бірлікті нығайтатын жарыс түрлері өткізілді. Спартакиадаға қатысуға академияның 13 командасы тапсырыс берді.

14.01.2016ж. арқан тарту сайысы бойынша І орынды – «Гигиена-1» кафедрасы;

ІІ орынды – «Жұқпалы аурулар» кафедрасы;

ІІІ орынды  - «Математика,  информатика және мед.биофизика» кафедрасы иеленді.

 

Осы күні волейболдан өткен жарыста:

І орынға – «Педиатрия және балалар хирургиясы»;

ІІ орынға –«Гигиена-1» кафедрасы;

ІІІ орынға – «Математика, информатика және мед.биофизика» мен «Фармакогнозия және химия» кафедраларының бірігуімен құрылған команда иеленді.

15.01.2016ж. шағын футболға аталған барлық команда қатысып, ақтық жарыс нәтижесінде І орынды – «Гигиена-1» кафедрасы;

ІІ орынды – «Дәрілер технологиясы»;

ІІІ орынды – «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы жеңіп алды.

698 2 2 2

Жеңімпаз командаларға кәсіподақ тарапынан құнды сыйлықтар мен дипломдар үлестірілді. Ал спартакиадаға белсене қатысқан қызметкерлер - Жақсыбаева Ж., Масабаева Т., Бегімбаев О. мақтау қағаздарымен марапатталды. Спартакиаданың барлық жеңімпаздарын медицина факультетінің деканы Б.З.Долтаева құттықтап, марапаттады.

27.01.2016, 02:07
489 қаралым