Жылдың үздіктері анықталды

2019 жылдың 17 сәуір күні Жастар жылы мен оқу орнымыздың 40 жылдығына орай ОҚМА басшылығының қолдауымен Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік жастар-2019» премиясы өткізілді. 

1365 1

Республикадағы жеткен жетістіктері мен академиядағы оқу үлгерімі, тәртібі басты назарға алынған «Үздік жастар-2019» премиясында «Үздік топ» (В-ФӨТҚБ-01-17, В-ПҚ-01-18, С-ФҚ-01.17), «Үздік топ басшы» (Д.Бабажанова, Б.Ералхан, Н.Мехинова), «Үздік студент» (Ә.Кинаятова, С.Қален, А.Дүйсебекова), «Үздік ұйым» (KazMSA), «Үздік жас ғалым» (Т.Аманбаев), «Үздік магистрант» (Р.Бидайбек), «Үздік спортшы» (Б.Рахатов), «Үздік ерікті» (Ұ.Әбдіғаппар) номинацияларымен әр саланың үздіктері марапатталды. 

1365 2

Факультет декандары, бөлім меңгерушілері үздіктерге арнайы дайындалған дипломдар мен естелік сыйлықтарды табыстады. 

1365 3

1365 4

Негізгі қуанышымыздың бірі – оқу орнымыздың жалпы медицина мамандығының 3 курс студенті Аманбаев Тимур республикалық «Жылдың үздік студенті-2019» мәртебесін иеленді. Бұл марапат Тимур үшін биылғы жылдың төртінші жетістігі. Қалалық деңгейде «Үздік студент» номинациясын қанжығасына байлаған болса, өз ұйымының төрағасы ретінде көзге түсіп «Үздік ұйым» және «Үздік жас ғалым» номинацияларын иеленіп отыр.

19.04.2019, 05:42
257 қаралым