Жүректен - жүрекке
«Қайырымдылық – ісіңнен көрінеді»- деген қазақ халқында нақыл сөз бар. Қайырымдылық–адамның ізгі қасиеттерінің бірі,жүректегі мейірімнің сәулесі. Яғни, балаларға көмек көрсету, қайырымдылық жасау – адам жанының ізгілігінен, рухани дүниесінің байлығынан, ішкі әлемінің жарықтығынан шығатын игі іс. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі- мұқтаж балаларға қамқорлық жасау. Қайырымдылық әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз. Іс-шараның мақсаты: білім алушыларды, әрбір азаматты қайырымдылық істерге тарту, баулу және балалар мен жасөспірімдердің арман-тілектеріне қол жеткізулеріне көмек беру, ортақ күш салу болып табылады.
Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және басқа санаттағы балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.
«Педиатрия-2» кафедрасы ассистенттері және «Педиатрия» БББ білім алушылары В-ПҚ-01-18, В-ПҚ-02-19, В-ПҚА/Б-01-21, В-ПҚ-02-21 топтары ,«Жалпы медицина» БББ, 4-курс В-ЖМҚА/Б-05-19, В-ЖМҚА/Б-06-19, В-ЖМҚА-07-19 топтарының білім алушыларының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында орналасқан №4 Кәусар интернатына, «Жүректен жүрекке»қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Балалар мен жасөспірімдердің арман-тілектеріне қол жеткізулеріне көмек беру,ортақ күш салу болып табылады.
Сәуір айының 09- жұлдызында Шымкент қаласы №4 Каусар интернатынан балалардың көңіл-күйлерін көтеру,сергіту мақсатында «FUNKY TOWN»ойын сауық орталығына барды. Ойын -сауық орталығында балалар түрлі аттракциондарда ойнады.Балалар арасынан 11 қыз бала кинотеатрдан «Каникулы off-line» балалар киносын тамашалады. 27 қыз баланың көңіл күйін көтеруге «Фиксики» мультсериалының аниматорлары атсалысты.Балалар биледі, көңілді ойындар ойнатылды.Ойын-сауық орталығынан кейін, балалармен тамақтану орнына бардық.Бұл іс-шара 38 баланың әрбірінің жүзіне күлкі, жылулық пен сенімділік сыйлады. Жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер Рамазан айының маңызын, мерекенің мәнін түсініп, қасиетті айдан тек қана жақсылық күтетіндерін жеткізді.Іс- шараға ат салысқан әрбір жанға балалар алғысын айтты.Кеш соңында Рамазан айы болғандықтан ораза ұстап, ауыз бекіткен қыз балаларға кешкі уақытта №4 Кәусар интернатында ауызашар өткізілді.
«Балалар - өмірдің гүлі». Қайырымдылық іс-шаралары балаларға қоғамның қолдауын, қамқорлығын түсінуге мүмкіндік береді. Болашақта бұл балалар біздің қоғамға қамқорлық жасауды және қызмет етуді, өз Отанын сүюді жалғастырады!