«Жоғары оқу орындарында гуманитарлық пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану әдістемесі» атты әдістемелік семинар
15.03.2023ж. сағат 11-30-де Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедраларының ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орындарында гуманитарлық пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану әдістемесі» атты әдістемелік семинар өтті.
Әдістемелік семинардың алға қойған мақсаты оқу үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жаңартылған педагогикалық технологиялар арқылы білім алушылар мен оқытушылардың біліктілігін жетілдіру, дербестік, ізденімпаздық, шығармашылық, құзыреттіліктерін дамыту болып табылады.
Әдістемелік семинарға кафедарның профессор-оқытушылар құрамы және оқу-әдістемелік бөлімнің әдіскері Б.М. Рашева қатысты. Іс-шарада п.ғ.к., доцент м.а. Л.С. Майлыбаева - «Жоғары оқу орындарында гуманитарлық пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану әдістемесі», магистр, аға оқытушы Ш.Ш. Нығматуллина – «Цифровая грамотность» тақырыптарында баяндамалар жасады.
Әдістемелік семинардың қорытындысы бойынша оқытуда цифрлық ресурстардың озық әдістерін пайдалана отырып, білім беру саласын ақпараттандыруда арнайы технологиялар мен техникалық құралдарды пайдаланудың маңыздылығы мен қолдану шеңберін арттыру қажет деген ұсыныс жасалынды.