Жоғары оқу орындары арасында өзін өзі басқару

17 қараша 2022 жылы Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен студенттік өзін өзі басқару жүйесін дамыту бойынша конференция өткізілді. Конференцияға ҚР Ғылым және жоғары білім министірінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Айсұлу Ерниязова және Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Мұратжан Шотаев қатысты. Жиынды Айсұлу Ерниязова ашып, студенттерді «17 қараша-Халықаралық студенттер күнімен» құттықтады. Мұратжан Шотанов өзін өзі басқару жүйесін дамыту бойынша өткізілген конференцияға белсене атсалысқандарды алғыс хатпен марапаттады және жоғары оқу орындары арасында өткен «Smart Student» интеллектуалды сайысында алғырлық танытып II орын алғаны үшін Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясын марапаттады.

17.11.2022, 17:07
432 қаралым