ЖОБАЛЫҚ- БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ- 21 ҒАСЫР ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ

Қазіргі заманғы білім беру жүйесі негізгі оқу процесіне ғана емес, сонымен қатар білім алушының кәсіби дайындығын қалыптастыру мақсатында жобалық-бағытталған оқыту әдісін белсенді жүзеге асыруды көздейді. Жобалық бағытталған оқыту білім алушылардың жобалық жұмыс барысында белсенділігі мен дербестігін арттыруға, топта тиімді жұмыс істеу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
«Фармация» білім беру бағдарламасының білім алушыларды дайындау мысалында жоғарғы білім беру жүйесінде осы әдістерді қолданудың мүмкіндіктері мен практикалық маңызы қарастырылады.
«Фармакогнозия» кафедрасында 2022-2023 оқу жылында «Фармакогнозия» пәнінен енгізілген жобалық-бағыттық оқыту әдісі бойынша В-ФҚА-01-20, В-ФҚБ-01-20, В-ФҚА-02-20, В-ФҚБ-02-20 «Фармация» білім беру бағдарламасының білім алушылары жобалық жұмыстар жүргізілген болатын.
Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар кіші топтарға жіктеліп, зерттелетін тақырыптары белгіленді. Топтағы әр қатысушының міндеті айқындалды. Әр топтың көшбасшылары тағайындалып, оқытушы жоба кеңесшісі ролін атқарды. Яғни, көшбасшы ретінде студенттердің арасынан белсенді, көшбасшылық қабілеті бар студенттер таңдалып алынды.
Жоба бойынша жауапкершілікті бөлу матрицасы көмегімен жоба қатысушыларына (студенттерге) атқаратын міндеттері бөлінді. Жобаны басқаруды оңтайландыру мақсатында Ганта диаграммасы құрылды. Диаграммада жоба бойынша жүргізілетін жұмыстар мен олардың жасалу уақыттары көрсетілген.
Сонымен қатар, білім алушылар жобалық жұмыстарды тиімді басқаруға мүмкіндік беретін бағдарлама – Trello тақтасын қолдану бойынша «Қашықтан білім беру технологиялары бөлімнің меңгерушісі» Халметова Шахноза Абдулакимовнадан арнайы кеңес алып, өз жобаларында қолданды.

Қазіргі кездеTrello тақтасы онлайн түрде жобалық жұмыстарды,жұмыс процестерін басқаруға мүмкіндік беретін танымал жүйелердің бірі. Бұл жүйе "дәл уақытында" жүзеге асыру және жоба қатысушылары арасында міндеттерін біркелкі бөлуге негізделген жапондық басқару принципі көмегімен құрылған.Тақта топтың жұмысын жеңілдету үшін файлдарды, тапсырмалар тізімдерін қосуға және т.б. көптеген жұмыстарды жасауға мүмкіндік береді. Білім алушылар бағдарлама алғаннан соң өз жобалық жұмыстарын Trello тақтасына енгізді.

2022-2023 оқу жылының 2 семестрінде білім алушылар жобалық-бағытталған оқыту бойынша өз жұмыстарын жалғастырды.
2023 жылдың 14 наурыз, 20 наурыз күндері кафедрада жобалық-бағыттық оқыту бағдарламасы бойынша жүргізілген жұмыстың аралық есебі өткізілді.

2023 жылы 13 және 14 сәуірде Қарағанды медицина университетіндегі Фармация мектебінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған VI Орталық Азия халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Фармацияның өрлеуі!» халықаралық студенттер арасында ғылыми-практикалық конференцияда В-ФКБ-01-20 тобының студенті Серікбаева Мерей Дарханқызы өз жұмысын баяндап, II дәрежелі дипломмен марапатталды және ең үздік баяндама номинациясына ие болды. В-ФКБ-02-20 тобының студенті Райымова Қызжибек Абдурашидовна III дәрежелі дипломмен марапатталды. Олар студенттік халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жобалық бағытталған оқыту бағыты бойынша жобалардың нәтижелерін қорғап шықты.


2023 жылдың 25 сәуір күні, «ОҚМА» АҚ Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасы және Қазақстандық медицина университеті «ҚДСЖМ» ұйымдастыруымен «Ғылым және жастар: медициналық көмектің сапасы мен медициналық сауаттылық» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ғылым күніне арналған конференцияда жобаға бағытталған оқыту әдісі бойынша білім алған «Фармация» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Раймова Қ.А., Избан А.М., Әскербек А.Б., Мейірбекова А.С., Көбей Б.Е., Есенали С.Ғ. жобалық бағытталған оқыту бағыты бойынша жобалардың нәтижелерін қорғап шықты. Конференцияның қорытындысы бойынша В-ФКБ-02-20 тобының студенті Райымова Қызжибек II дәрежелі дипломмен марапатталды.
2023 жылдың 10 мамыр, 12 мамыр күндері «Фармакогнозия» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысуымен В-ФҚА-01-20, В-ФҚБ-01-20, В-ФҚА-02-20, В-ФҚБ-02-20 «Фармация» білім беру топтарыныңжобалық-бағытталған оқытудағы жоба міндеттерінің орындалуы бойынша ең соңғы қорытынды есебі тыңдалды. Қорытынды есепті өткізу жасалған жұмыстар бойынша аралық есеп пен презентацияны кафедрада қорғау арқылы есеп берілді.

Білім алушылар қорытынды есеп барысында зерттеудің бірінші кезеңінде әдеби деректерге шолу жасалғанын және Scopus, Web of Science, Google Scholar және т.б. сияқты халықаралық ғылыми базалары көмегімензерттелетін тақырыптар бойынша патенттік іздеу жүргізілгендігін көрсетті.
Екінші кезеңде білім алушылар макроскопиялық және микроскопиялық, сонымен қатар тауарлық талдау жұмыстарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясында келтірілген әдістер негізінде орындап, зерттелетін объектілерінің анатомо-морфологиялық белгілерін, сандық көрсеткіштерін анықтады.
Келесі кезеңде білім алушылар фитохимиялық талдау жүргізіп, дәрілік өсімдік құрамындағы биологиялық белсенді заттардың сапалық және сандық анықтауын жүргізді. Сапалық анықтау әдісі жалпы топтық реакциялар және ЖҚХ әдісі арқылы жүргілді. Сандық талдау жүргізу инструментальды (ИК-спректроскопия, ФЭК), гравиметриялық және титриметриялық (перманганатометрия) әдістері көмегімен анықталды.
Барлық зерттеулер Фармакогнозия кафедрасында және «Дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу» зертханасында жүргізілді.

Қорытынды есеп барысында «Фармакогнозия» кафедрасының меңгерушісі, проф.м.а., фарм.ғ.к. Орынбасарова К.К. және «Дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу» зертханасының аға ғылыми қызметкері Кемелбеков Ұ.С. өз пікірлерін айтып, оң бағаларын берді.

Сонымен қатар, жоба жетекшілері де аға оқытушы Ибрагимова З.Е., Әбдіқадыр Н.М.,Өмірбек Н.Ә. жобалық жұмыспен айналысу барысында білім алушылардың іздеу қабілеті, яғни әдебиеттермен жұмыс жасау қабілеті (керек ақпаратты іріктеп алу), жоспар құра алу, іс қағаздарын жүргізу дағдылары дамығандығы байқағандығын атап айтты. Және зерттеушілік қабілеті, аналитикалық ойлау, проблемалық жағдайларды талдау, нәтижелерді талдау, қорытынды жасай алу, MS Excel бағдарламасымен жұмыс істеу, Trello тақтасында жұмыс істеу, шығармашылық қабілеті (презентацияларды безендіру және т.б.), аудиторияда баяндаманы қорғау және т.б. көптеген дағдылары да қалыптасқанын атап көрсетті.
Қорытындылай келе жобалық – бағытталған оқыту кафедрадағы оқу процесіне енгізу білім алушылардың командада жұмыс тәжірибесін жинақтауға ықпал етеді, оқу үдерісін едәуір қарқындатуға, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыруға мүмкіндік береді деген қорытынды жасалды.

22.05.2023, 18:11
498 қаралым