Жобаға бағытталған оқыту - болашақ мамандарың фармацевтикалық талдау потенциалын дамыту құралы
Оқыту әдістемесіндегі басым міндеттердің бірі бітіруші түлектерде белгілі бір кәсіби құзыреттіліктер жиынтығының болуын көздейтін заманауи білім беру стандарттарының талаптарына жауап беретін тиімді әдістемелерді білім беру технологияларын және оқу үдерісін ұйымдастыру нысандарын іздеу және енгізу болып табылады. Теориялық және практикалық компоненттерді, оқу үдерісінде білім алушылардың шығармашылық потенциалы мен өзін-өзі ұйымдастыруын біріктіретін ең перспективті білім беру технологияларының бірі жобалық-бағытталған оқыту болып табылады.
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында жобаға бағытталған оқыту бакалавриат студенттеріне «Фармация» білім беру бағдарламасының дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттауды жүргізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Фармацевтикалық химия» пәні бойынша енгізілді.
Жоба бастамасын жүзеге асыру үшін В-ФО-04-19 тобы таңдалды, топ екі шағын топшаға бөлінген. Оларға төмендегі ғылыми зерттеу тақырыптары бекітілді:
1. Бақ-бақ гүлдің сулы тұнбасын фармацевтикалық талдау,
2. Шілтержапырақты шайқурайдың сулы тұнбасын стандарттау.
Жобаны орындаудың күнтізбелік жоспары бікітілген. 4 қараша 2022 жылы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысуымен жоба міндеттерінің орындалуы бойынша аралық есебі тыңдалды.
Бірінші кезеңде жоспарға сай білім алушылар Scopus, Web of Science, Google Scholar және т.б. сияқты халықаралық ғылыми базаларға тіркеліп, мәліметтерге шолу жасады, патенттік іздестіру жүргізілді.
Екінші кезеңде білім алушылар бақбақгүл мен шілтержапырақты шайқурай тұнбаларының сапалық көрсеткіштерін анықтау және нормативті құжат талаптарына сәйкестігі бойынша зерттеу жұмыстарын орындады.
Жобаға бағытталған оқыту әдісін енгізудің практикалық маңыздылығы болашақ фармацевтикалық кадрлардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру, заманауи көп ғылымды ортада қарқынды өсу мен даму үшін мамандар арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды дамыту болып табылады.
Аралық есепті тыңдау кезінде оқытудың бұл әдісі білім алушылардың командада жұмыс тәжірибесін жинақтауға ықпал етеді, оқу үдерісін едәуір қарқындатуға, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыруға, оны нәтижелі етуге және кафедрада өтілетін пәндерді оқытуды «зерттеуші-ғылым» құзыреттілігінің мән-мәтінімен тікелей байланыстыруға мүмкіндік береді деген қорытынды жасалды.