Жоғары оқу орындары-серіктестерімен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі

 

563 2 

Алғаш рет И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінен және Башқұрт мемлекеттік медицина университетінен студенттер академияға фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының оқу-ғылыми зертханасы базасында  «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификация» атты оқу-өндірістік тәжірибе өту үшін келді. 

563 3

Студенттер фармацевтикалық факультеттің профилді кафедраларымен және құрылымдық бөлімдермен танысты және заманауи құрылғылармен жабдықталуы жоғары деңгейде және оқу - ғылыми қызметтерді атқару үшін барлық мүмкіндіктерін атап өтті.

563 1

Бүгінгі күні кафедраның тәжірибелі оқытушыларының жетекшілігімен практиканттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясының, Ресей Федерациясының XII мемлекеттік фармакопеясының, Еуропалық фармакопеяларының талаптарына сәйкес дәрілік препараттарға физикалық, физика-химиялық талдаулар жасауда.

Оқу-өндірістік тәжірибе жалғасуда, нәтижелер туралы академия сайтының қолданушыларына хабарлаймыз ... .

25.05.2015, 23:17
572 қаралым