«Жоғарғы тыныс алу жолдар ауруларының таралуы мен оларды алдын алу мүмкіншіліктері» атты кафедрааралық ғылыми-тәжірибелік студенттік конференция

2016 жылдың 29 сәүірде «Терапия бакалавриат» кафедрасының оқытушылары «Терапиялық пәндер» кафедрасымен бірігіп, «Жоғарғы тыныс алу жолдар ауруларының таралуы мен оларды алдын алу мүмкіншіліктері» атты кафедрааралық ғылыми-тәжірибелік студенттік конференцияны өткізді.

Конференцияға медициналық факультет деканының орынбасары Аширов Б.О., кафедра оқытушылары, магистранттары, студенттер қатысты.

775 1

Конференция барысында «Қоғамдық денсаулық», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша білім алып жатқан 3 курс студенттері баяндама жасады.  Баяндаушылар жоғарғы тыныс алу жолдары ауруларының таралуы мен оларды алдын алу бойынша зерттеулердің нәтижелерімен таныстырды.

Конференция нәтижелері бойынша 1-ші орынды 302 МІҚ тобының студенті Абдан Айдана (ғылыми жетекшісі Абдукаримова Ж.М.), 2-ші орынды - 304 МПД тобының студенті Арғымбек Марал (ғылыми жетекшісі Садыкова Г.С.), 3-ші орынды - 301 ҚДС тобының студенті Ашырбайқызы Динара  (ғылыми жетекшісі Умирзакова Г.А.) иеленді. 

775 2

Конференция қатысушылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, пульмонологиядағы бар мәселелері мен оларды шешу жолдарын талқылады.  

12.05.2016, 23:39
457 қаралым