“Жоғарғы медициналық білім берудегі дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі деңгейдегі дәлелді медицинаның құзыреттіліктері”

2017 жылдың 17 ақпан күні М.Оспанов атындағы БҚММУ дәлелді медицина бөлімінің ұйымдастыруымен G-Global коммуникативті алаңында «Жоғарғы медициналық білім берудегі дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі деңгейдегі дәлелді медицинаның құзыреттіліктері», тақырыбында жоғарғы оқу орындары аумағында (МУА Астана, БҚММУ, ММУ Семей, ҚММУ, ОҚМФА) бейнеконференция өткізілді. Бейнеконференцияда біздің академиядан «ОҚМФА дипломнан кейінгі деңгейде дәлелді медицина бойынша білім берудің ерекшеліктері» тақырыбында  баяндама жасалды.  Бейнеконференцияға «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасының  меңгерушісі м.ғ.д.,проф.  З.А.Керімбаева, кафедра проф. м.ғ.д., Н.Ж.Орманов, оқытушылар  Н.Р.Сырманова, О.Т.Ким, Қ.Б. Боранбай, «Биохимия, медбиология және микробиология» кафедрасының проф. Б.Т. Сейтханова, ДМБ бастығы К.Е.Ахмадиева және ДМБ кызметкері Л.Т.Касаева катысты. Баяндамада дипломнан кейінгі білім беруде құзыреттілік қадамдарының қолданылу әдістері, оқу үрдісіне дәлелді медицина қағидаларының құралдарын енгізу және оқытудың инновациалық әдістерінің алуан түрлері көрсетілген.

931 1

931 2

23.02.2017, 04:05
398 қаралым