«Жемқорлықсыз гүлденген ел!»

880 1

ҚР Тәуелсіздіктің 25-жылдық мерекесі қарсаңында «Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен» кафедрасы 2016 жылдың 23 қараша күні ОҚМФА жатақханасының акт залында студенттерінің хал жағдайын білу мақсатында студенттердің жатақхананы екінші үйдей құрметтеу және білуін дәріптеу, сонымен қатар, «Жемқорлыққа жол жоқ» деген насихаттаумен тәрбиелік іс-шара өткізді. ОҚМФА жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Ғ.Д. Оразымбетова және техникалық және кәсіби білім беру факультетінің тәрбие ісіне жауапты А.Д Саимкулова ашып берді. Аббасова Сарсенкүлдің орындауында «Мереке»  әні орындалды. Бұл ән 1-желтоқсан және Тәуелсіздіктің 25-жылдығы мерекесі қарсаңында  керемет әсем әуен болды. Залда отырған барша жұртты керемет көңіл күйге бөледі. ОҚМФА-ның 303 фармфакультетінің   қыздары  жемқорлықтың кері әсері туралы бейнеролик  және презентация дайындап. ОҚМФА-ның жатақханасындағы шет елдің студенттеріне  Жұлдыз қызымыз «ЛАЙФ-өмір» әнін арнады. Тәрбиелік іс – шарада бірқатар әсем әуендер мен   би орындалып, КТК-тобы көрініс көрсетіп, студенттердің көңіл-күйін көтерді.  

880 2

«Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен» кафедрасының кафедра меңгерушісі Л.Д. Жолымбекова студенттерге оқуда озат және тандаған мамандығының жаксы иесі болуын тілеп, өткізілген іс –шараға қатысқан барлық ұжымға, студенттерге алғысын білдірді.

880 3

07.12.2016, 04:09
325 қаралым