«Жемқорлық – қоғам дерті»

19.04.2019 ж. күні Химиялық пәндер кафедрасында «Фармация» 2 курс студенттері қатысуымен «Жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында дебат өткізілді. Іс-шараға жемқорлыққа қарсы «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.А. Төлебаев, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Қ. Сәлім, сонымен қатар, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды медицина университетінен Органикалық химия және полимерлер кафедрасының профессоры С.О. Кенжетаева, Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінен дәрілер технологиясы және инженерлік пәндер кафедрасының аға оқытушысы А.А. Тургумбаева қатысып сөз алды. Студенттер «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлық іс-әрекеттер туралы» тақырыптарына баяндама оқыды. Студенттермен «Жемқорлыққа қарсы күрес механизмдері» тақырыбы аясында дебат өткізілді. Қатысушы студенттер мақтау қағаздарымен мадақталды. 

1372 1

25.04.2019, 22:56
350 қаралым