Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік бастауы

2021 жылдың 23 қараша күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында желтоқсан қаһармандары мен студенттер арасында кездесу өтті.

Іс-шараны модератор Н.Ахметов ашып, іс шара қонақтарымен таныстырды. Кездесуге Төлеметов Бейбіт, Оспанова Гүлмира, Байкөбеков Нұрмахан сынды қаһармандарымыз және философия ғылымдарының докторы Бекбосынов Ермек келді. Биылғы жыл – еліміз үшін ерекше жыл. Қас-қағым уақыт тәрізді, тәу еткен Тәуелсіздігімізге – 30 жыл. Біз оған ызғарлы Жел¬тоқсанда империя бодандығына қарсы бұлқынған намысшыл жастардың арқасында қол жеткізгенімізді айтып өтті.

Желтоқсан қаһармандары мен студенттер арасында әсерлі әңгіме өрбіді. Өткен күннің ауыр кезеңдерінен естеліктер айтып берді. Сол кезде «Менің Қазақстаным» әнінің Әнұранға айналарын білгендей, осы әнді алаңға шыққан жастардың әуелете орындап, қолдарын қармаса ұстап шырқауы бізді әлі күнге дейін таң қалдырады. Жастардың арманы орындалып өз тәуелсіздігімізді алдық.

Естеліктер айтылды, студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Әрине, желтоқсан қаһармандарына етігімен су кешкен сол бір ауыр күндерді еске алу оңай болған жоқ. Дегенмен, қонақтардың Тәуелсіздік, Желтоқсан, ел, жер, ұлт туралы тол¬ғана айтқан ой-көзқарастары, тәрбиелік мәні зор әңгімелері жас буынға ерекше әсер қалдырғаны сөзсіз. Жоғары деңгейде өткізілген бұл шара көпшіліктің есінде сақталары анық.

24.11.2021, 18:17
564 қаралым