Жаздық суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік техникасы бойынша кездесу
2023 жылдың 2 маусым күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының үлкен мәжіліс залында шетел студенттері мен Шымкент қаласының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлерімен ауқымды кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қ. ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, капитан Қаракөзов Нұржан Нұрханұлы, капитан Темірбек Әли Шатырбекұлы, Шымкент қаласының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Жедел құтқару жасағының құтқарушылары, Апаттар медицина орталығының психологы мен академия шетел студенттері, жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шараны модератор Халықаралық факультет деканы Төльбасиева Арайлым ашып берді. Ары қарай сөз кезегін Шымкент қаласының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, капитан Қаракөзов Нұржан Нұрханұлы алып, қала аумағында суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін ресми 5 орын бар, оның ішінде 3 орында шомылуға рұқсат етілгенін айтты. Олар Тоғыс су қоймасының «Холодильник», Бадам су қоймасының «Рахат Бадам» және Қошқар ата өзенінің бастауы. Шымкент қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының 55 құтқарушысы халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратыны жайлы да айтып өтті. Сөз кезегін Апаттар медицина орталығының дәрігері көрсетілетін алғашқы көмек, психологиялық көмек жайлы кеңінен тоқталып өтті. Және де жаз мезгіліндегі шомылу аймақтарында барынша абай болуға шақырды.