Жатақханадағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу
2023 жылдың 12 қазан күні ОҚМА №1 жатақханасының студенттеріне тәртіп бұзушылықтың алдын алу жайлы түсіндірме жиналысы өтті. Іс шараға Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Б.Тасжанов, Жастар саясаты басқармасының маманы А.Талғатбек, Фармация факультетінің декан орынбасары М.Сапақбай, Медицина факультетінің деканы Ж.Сагтаганов, медицина колледжі директорының орынбасары М.А Тайжанова және жатақхана коменданты Р.Спатаева қатысты.
Іс шараны жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Б.Тасжанов ашып беріп, студенттерге жатақхана жүріп тұру ережелерін таныстырып, жатақхана өмірі толық бақылауда екендігін айтып, факультет декандарына сөз кезегін берді. Сөз кезегін алған декандар студенттерге жатақханада арнайы ереже барын, оның ішінде жатақхана тәртібіне бағыну керектігі, бұзылған затқа, есік, терезені сындырмау, бұзбау керектігі, жатақхана мүлкіне ұқыппен қарау керектігі жазылғанын айтып, осындай әрекеттерді жасағаны үшін ескерту жасалып жатақханадан шығарылатыны жайлы айтты. Сөз соңында жастар саясаты бөлім меңгерушісі Б.Тасжанов студенттерге күш қолдану, ұрып-соғу, бопсалау, дене жарақаты бойынша қылмыстық іс қозғалатынын айтып өтіп, бір біріне бауырмашыл болуға, әр мүлікке ұқыпты, таза, жауапкершілікпен қарау керектігін айтып тәртіпті болуға шақырды.