Жатақханадағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу

2022 жылдың 01 қараша күні ОҚМА №1 жатақханасының студенттеріне тәртіп бұзушылықтың алдын алу жайлы түсіндірме жиналысы өтті. Іс шараға Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Б.Тасжанов, Жалпы медицина факультетінің деканы Ж.Сагтаганов, Интернатура және жұмысқа орналастыру факультетінің деканы Қ.Кемельбеков, медицина колледжі директорының орынбасары М.А Тайжанова, комплаенс офицер Н.Пернебеков және 22 участоктың учасковый инспекторлары Е.Нургалиев пен А.Бекжігітов қатысты.
Іс шараны жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Б.Тасжанов ашып беріп, студенттерге жатақхана жүріп тұру ережелерін таныстырып өтті. Жатақхана өмірі толық бақылауда екендігін, барлық жерге камералар койылатынын айтып, факультет декандарына сөз кезегін берді. Сөз кезегін алған декандар студенттерге жатақханада арнайы ереже барын, оның ішінде жатақхана тәртібіне бағыну керектігі, бұзылған затқа, есік, терезені сындырмау, бұзбау керектігі жазылғанын айтып, осындай әрекеттерді жасағаны үшін ескерту жасалып жатақханадан шығарылатыны жайлы айтты. Учаскелік полиция инспекторлары А.Бекжігітов Е.Нургалиев студенттерге күш қолдану, ұрып-соғу, бопсалау, дене жарақаты бойынша қылмыстық кодекстің 194 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалатынын айтып өтіп, бір біріне бауырмашыл болуға, әр мүлікке ұқыпты, таза, жауапкершілікпен қарау керектігін айтып тәртіпті болуға шақырды.

02.11.2022, 17:47
489 қаралым