Жатақхана студенттерімен кездесу

2022 жылдың 26 қыркүйек күні ОҚМА №1 жатақханасының студенттерімен кездесу өтті. Іс шараға Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім, Жалпы медицина факультетінің деканы И.Ж.Сагтаганов, медицина колледжі директорының орынбасары М.А Тайжанова, жатақхана коменданты Р.Спатаева, студенттік ректор А.Пірімқұл және жатақхана студенттері қатысты.

Кездесу барысында студенттерге білім берумен қатар, жатақхана студенттік кеңесі студенттер арасындағы әлімжеттікпен күресті күшейтуі керек екені, ата аналарымен үнемі байланыста болып, ақша жинау, талап ету деген заңға қайшы іс әрекеттерден аулақ болып, сонымен қатар бір-біріне деген мейірімділікті насихаттауды үзбеу керек екені түсіндірілді.
Осы бағыттағы жұмыстарға барынша жоспарлы түрде қолға алу керектігі айтылды.

27.09.2022, 11:53
653 қаралым