Жатақхана студенттер кеңесін сайлау
Үстіміздегі жылдың 10 желтоқсан күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы №1 жатақханада жиналыс өткізді. Жиналыстың негізгі мақсаты – жатақхана студенттер кеңесін қайта сайлау. Жиналыста студенттерге өз ойларын айтып, пікірлерін білдіруге мүмкіндік берілді.
Жалпы дауысқа салып кеңес мүшелері қайта сайланды. Олар: Жатақхана студенттер кеңесінің төрағасы Әмір Нұрлыбек, мәдениет секторы Ережеп Қанат, спорт секторы Мекенбай Азамат, тазалық секторлары Шора Назерке және Набиева Арзу.
Ал көпшіліктің қалауымен қызметтерін дұрыс атқарып жүргендіктен және көңілдерінен шығатындықтар төмендегі кеңес мүшелері орындарында қалатын болды. ЖСК төраға орынбасары Рәсіл Абылайхан, хатшы Бақберген Маржан, ұтқырлық секторы Аманбаев Тимур.
Сайланған кеңес мүшелеріне сәттілік тілеп, қызметтерін дұрыс атқарсын деген талап қойылды.
