«Жастар ЖИТС-ке қарсы» тақырыбындағы семинар

2016 жылдың 28 қараша күні ОҚМФА-да «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер», «Қазақ, орыс және латын тілдері», «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер», Яссауи атындағы  ХҚТУ-тің «Жалпы хирургия» кафедраларының оқытушыларының ұйымдастыруымен ЖИТС CО бас дәрігерінің орынбасары Қ.Н. Машпировтың қатысуымен халықаралық ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Жастар ЖИТС-ке қарсы» тақырыбында семинар жүргізілді.

874 1

Іс-шараның мақсаты: жастар арасында АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алу, білім алушыларды АИТВ/ЖИТС мәселелерінің маңыздылығын және өзінің мінез-құлқына жеке жауапкершілікті сезіну, салауатты өмір салтын насихаттау, АИТВ – инфекциясын жұқтырғандарға қатысты толеранттыққа тәрбиелеу.

874 2

Семинардың барысында тақырыптық бейнероликтердің көрсетілімі жүргізілді, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-ағартушылық материалдар таратылды. Семинарда Қ.Н Машпиров репродуктивті денсаулық, мінез-құлық мәдениеті, жас қыздар мен жігіттердегі қауіпсіз денсаулығының дағдылары туралы ашық әңгіме жүргізді. Семинардың жұмысына ОҚМФА және ХҚТУ-нің 100-ден аса студенттері қатысты, олар ОҚО, Қазақстан Республикасы мен посткеңестік кезеңдегі АИТВ/ЖИТС бойынша болатын эпидемологиялық жағдайға, АИТВ инфекциясының берілу жолдары, оның алдын алу шараларына қызығушылығын білдірді.

02.12.2016, 01:23
439 қаралым