«Жастар арасындағы татулық» тақырыбында кездесу

2022 жылдың 03 наурыз күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және Жастар саясаты басқармасы мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» және Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастардың діни танымына интернеттің, әлеуметтік желілердің әсері», «Жастар арасындағы татулық» тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді.
Аталған шараны модератор Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының маманы Р.Қыпшақбаев, іс-шара мақсатын атап өтті.

Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Тойшиев Нұртаза, Әль-Фараби ауданының аға инспекторы Асанов Тимур, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ-нің бөлім басшысы Әбдікәрім Нұржан қатысып, жастарымызға санасын улайтын жағдайларға жол бермей, әлеуметтік желідегі теріс ағымның жетегіне ермеулеріне ерекше көңіл бөлу керектігін және мұны қоғам, ұлт, мемлекет, отбасы алдындағы парыз деп түсіну қажет екендігін айтып өтіп, діни экстремизм жайлы бейнеролик көрсетілді.

Іс шараны қорытындылаған Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының маманы Р.Қыпшақбаев жастарымызды татулықта болуға шақырды.

04.03.2022, 12:08
618 қаралым