Жастар арасындағы құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлықты ескерту және алдын-алу

2017 жылдың 25 қазан күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының үлкен мәжіліс залында жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен студент жастар арасында құқықбұзушылықты ескерту және алдын-алу, атап айтқанда тәртіп бұзушылық, бопсалау және сыбайлас жемқорлық мәселелерін талқылау мақсатында «Жастар арасындағы құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлықты ескерту  және алдын-алу!»  тақырыбында ауқымды кездесу өткізілді. Аталған кездесуге ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Төлегенқызы Гулмира, Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Моминова Гульчехра, Ювеналды полиция тобының  аға инспекторы Пармышева Халима, «Сана сезім» әйелдер бастамасы ҚБ құқықтық орталығының координаторы Юсупжанова Шахло, Әл-Фараби аудандық әкімдігінің өкілі Ахметов Орынбек, фармацевтикалық факультетінің деканы Н.Жұмабаев қатысты. Шараны ЖСБ маманы Ж.Қамбарова ашып беріп, жиынның мақсаты қазіргі кездегі жастар арасындағы құқықбұзушылықтың орын алмауын қадағалау, алдын-алу, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты болдырмау екендігін атап көрсетті. Кездесу барысында қонақтарымыз қазіргі таңда кездесіп жатқан мәселелермен бөлісіп, жастарды жемқорлықсыз өмірге аяқ басуға шақырды. Бос уақыттарын үйірмелерге жазылып, қоғамдық шараларға қатысуларын ескертті. Елі үшін аянбай еңбек ететін, қызмет пен мансап қуалаудан бұрын ар-ұят пен патриоттық сезімді алға қоятын азаматтар шығады деген сенім білдірді. Студент жастар көкейіндегі сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алып қайтты  (қамтылған студенттер саны-500).

IMG 20171016 WA0007IMG 20171016 WA0008IMG 20171016 WA0012

30.10.2017, 21:38
472 қаралым