«Жастар арасындағы деструктивті ағымдардың ықпалының алдын алу»
2015 жылдың 30 қыркүйек күні академия үлкен мәжіліс залында Жастар саясаты бөлімі және Оңтүстік Қазақстан облысы, Ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен академияның І курс студенттері арасында жастар ортасында діни экстремизмнің алдын алу күшейту қажеттілігіне, сондай-ақ конфессияаралық бейбітшілік пен келісім орнықтыруды жүзеге асыру мен жастардың діни сауатын қалыптастыру мақсатында «Жастар арасындағы деструктивті ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбында ауқымды кездесу өткізілді.
Аталмыш іс-шарада «Әлеуметтік бастамалар орталығының» басшысы Н.Тұрсынбай баяндама жасады. Студент жастар өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, керекті жауаптарын алды.
01.10.2015,
23:03
574 қаралым