Жастар арасында академияішілік футболдан турнир

2021 жылғы 27 қараша күні Шымкент қаласының Алатау спорт кешенінде Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы және ОҚМА дене шынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Білім, ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Қарабеков Ағабек Қарабекұлын еске алуға арналған футбол турнирі өтті. Турнирді Жастар саясаты бөлімінің маманы Б.Тасжанов салтанатты түрде ашты.

Турнирдің мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және студенттер арасында белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, заманауи талаптарға сәйкес салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Барлық командалар жақсы ойын көрсетіп, жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын - "Барыс" - командасы
II орынды "Футбол Академиясы" академия құрамасы»
III орын - "Болашақ АЖО" - командасы жеңіп алды.

Барлық жүлдегерлерге белсенді қатысқаны және салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін дипломдар табыс етілді.

30.11.2021, 00:13
521 қаралым