Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары

2022 жылдың 13 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында «Студент жастардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына В-ФӨТҚАБ-02-19 топ білім алушылары мен ФІҰжБ кафедрасының фарм.ғ.к.,профессор м.а. Жұмабаев.Н.Ж. қатысты. Арнайы дайындалған презентациялар таныстырылып, бейнебаян көрсетілді.

Тәрбие жұмысының мақсаты: Білім алушылардың ҚР заңнамасына сәйкес құқық бұзушылықтар мен жазалар туралы түсінік қалыптастыру. Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен ұғындыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Білім алушылармен кездесуге Шымкент қаласының полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері УПИ полиция капитаны Тимур Талғатұлы Асанов, Жасұзақ Қалибекұлы Керімбеков келді.

Кездесу барысында студент жастарға қазіргі уақытта студенттердің арасында және жалпы қоғамдық орындарда жиі орын алып жататын құқық бұзушылық түрлеріне сипаттама беріліп, нақты деректер келтіріп, олар үшін жауапкершілікке тарту және алдын-алу жолдары туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар кейбір отбасында байқалатын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, орын алу деңгейлері баяндалып, мәліметтер, деректер келтірілді. сонымен қатар колледждің ішкі тәртіп ережелері, студенттердің ар-намыс кодексі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Арнайы дайындалған презентациялар таныстырылып, бейнебаян көрсетілді.

Студент жастар құзіретті органдардың мамандарына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңы өтті.

18.04.2022, 10:43
427 қаралым