Жас толқын – 2023

2023 жылдың 1 қараша күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен факультетаралық «Жас толқын 2023» байқауы өтті. Аталған байқау мақсаты студент жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, нашақорлыққа қарсы күрес, интернет алаяқтық, азарттық ойындардың зардабы, қаржылық сауаттылық, отбасылық қарым-қатынас тақырыбында патриоттық сезімдерін ояту және жас өнерпаздарды анықтау, дарынды жастарға қолдау көрсету, студенттердің бір-біріне деген достық, сыйластық сезімдерін арттыру. Байқауда «Үздік ән», «Үздік би», «Үздік поэзия», «Үздік жайдарман», «Үздік аспаптық өнер», «Үздік көрініс», «Үздік жүргізушілік», «Үздік топтық ән» номинациялары бойынша бақ сынасқан студент жастар ерекше белсенділік танытып, факультеттер намысын жоғары дәрежеде қорғап шықты. Әділ қазы алқаларының құрамында Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Қанатұлы Дінмұхаммед, композитор, бірнеше байқаулардың лауреаты 2014-2015 жылғы Шымкент қалалық «Жігіт сұлтаны» байқауының жеңімпазы Молдабеков Қуаныш, республикалық G-38 еріктілер ұйымының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Байжігіт Ерсұлтан төрелік етті.

Байқау қорытындысы бойынша 1 орын Медицина факультеті, 2 орынды Жатақхана тобы, 3 орынды Медицина колледжі иеленді. «Үздік ән» номнациясын Фармация факультеті, «Үздік жайдарман» номинациясын Медицина колледжі, «Үздік би» номинациясын Жатақхана тобы, «Үздік поэзия» номинациясын Медицина колледжі «Үздік көрініс» Жатақхана тобы, «Үздік топтық ән» номинациясын Медицина факультеті, «Үздік аспаптық өнер» Медицина факультеті және «Үздік жүргізуші» номинациясын Медицина факультеті иеленді. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студент жастары өздерінің медицина саласында ғана емес, өнерде де талантты екендіктерін дәлелдеп шықты.

02.11.2023, 16:40
240 қаралым