«Жас толқын - 2021» байқауы

2021 жылдың 2 қараша күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен, студенттік кәсіподақтың демеушілігімен, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында факультетаралық «Жас толқын 2021» байқауы өтті. Іс шараны Оқу әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі проректор М.Анартаева ашып қатысушыларға, жанкүйерлерге сәттілік тіледі. Аталған байқау мақсаты жас өнерпаздарды анықтау, дарынды жастарға қолдау көрсету, студенттердің бір-біріне деген достық, сыйластық сезімдерін арттыру. Байқауда «Жеке ән», «Би», «Поэзия», «Жайдарман», «Аспаптық өнер», «Көрініс», «Жүргізушілік», «Топтық ән» номинациялары бойынша бақ сынасқан студент жастар белсенділік танытып, факультеттер намысын жоғары дәрежеде қорғап шықты.

Әділ қазы алқаларының құрамында Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығының Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің басшысы Қанатұлы Дінмұхаммед, Халықаралық байқаулардың жүлдегері, кәсіби әнші Астана Қарғабай, ОҚМА Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы Динара Кемелхан төрелік жасады. Байқау қорытындысы бойынша 1 орын Фармация факультеті, 2 орынды Медицина колледжі, 3 орынды Жалпы медицина иеленді. Және де жеке ән номинация бойынша Фармация факультеті, жеке би номинациясы бойынша Медицина колледжі ерекшеленді.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студент жастары өздерінің медицина саласында ғана емес, өнерде де талантты екендіктерін дәлелдеп шықты.

03.11.2021, 18:41
572 қаралым