Жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және нығайту – қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі
«Терапия бакалавриат» кафедрасы 27-ші cәуірде «Жасөспірім қыздардың гигиенасы» тақырыбына дөңгелек үстел мен интерактивті дәріс өткізді. Іс-шара М.Әуезов атындағы ОҚМУ №6 жатақханасында орын алды. Тыңдаушыларды аталған ЖОО 17-21 жас аралығындағы студент-жасөспірім қыздары құрады. «Сұрақ-жауап» түрінде жүргізілген дәрісте тыңдаушылар жоғары белсенділік танытып, көптеген сұрақтарына жауап алды.
Заманауи қоғамда әйелдердің алатын орнын асыра айту қиын. Тұрғындардың басым бөлігі бола тұрып, олар жоғары және орта білімі бар мамандардың жартысынан көбін құрайды, денсаулықсақтау, білім беру, қызмет көрсету және өндірістік-өнеркәсіптің бірқатар салаларында доминантқа ие. Бірақ, дегенмен әйелдердің ең басты мақсаты өмірге сәби әкелу болып табылады.
Әйелдердің репродуктивті денсаулығы балалық және жасөспірім кезеңдерінде қалыптасып қояды. Өсіп келе жатқан ұрпақтың аурушаңдығы ерекше дабыл қағады, жасөспірім-қыздардың 60% астамында денсаулық жағдайының әр-түрлі ауытқулары бар. Іс-шараның негізгі мақсаты – ол өсіп келе жатқан буынның денсаулығын қорғау, болашақ ұрпақтың денсаулығына қамқор болу. Тыңдаушылардың пікірінше, осындай іс-шаралар шын мәнінде ересек өмірге қадам басуға көмегін тигізеді. Ағзада гормональді фонға байланысты өзгерістер орын алады. Жасөспірімдердің санасында ата-анасынан қысылып, сұрай алмайтын сұрақтар пайда болады. Сол себепті қыздарға өмір өзгерістеріне дайындалуға көмектесетін, белгілі бір гигиеналық дағдыларды қалыптастыратын, дәрігерлік қарануға жүйелі түрде барудың қажеттілігін дәрігер-педагогтардың араласуы өте маңызды.