«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы

2023 жылдың 26 қыркүйек күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы аясында кездесу өткізілді. Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Қызмет Істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Қансейіт Ардақ Кеңесәліқызы және жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Кездесуге келген бас маманы Қансейіт Ардақ Кеңесәліқызы «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы - жастарды мемлекеттік қызметке шақыру, олардың кәсіби шеберліктерін, біліктіліктерін, шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып, мемлекеттік қызметтің оң имиджін көтеруге бағытталғаны жайлы айтып өтті. Студенттер қойылған сауалдарға жауап алып, жобамен егжей-тегжейлі танысты.
Бүгін жастар мемлекеттің бүгінін ғана емес, болашағын да айқындайды. Жастар – Республикамыздың күші, стратегиялық және кадрлық ресурсы.

26.09.2023, 17:10
530 қаралым