Жас ғалымдар мен студенттердің III Халықаралық конференциясы «Биология, медицина және фармация дамуының келешегі»

9.12.2015-10.12.2015 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау-1» кафедрасында «Биология, медицина және фармацияның дамуының келешегі» атты жас ғалымдар мен студенттердің III Халықаралық конференциясы өтті.

678 2

Конференцияны ашу құрметі м.ғ.д., профессор  Г.К.Каусоваға берілді. (Алматы) Секция отырысына 50 адам қатысты, оның ішінде 19 студенттер, 31 жас ғалымдар, 39 баяндама тыңдалды.

Конференция барысында жас ғалымдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға аса жоғары көңіл аударылды. Замануи  зерттеулердің ең актуалды бағыттары талқыланды.

678 1

Секция отырысының соңында, ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, секция Президиумы мүшелері бір дауыстан 2 үздік ғылыми жұмысты конференцияның ұйымдастыру комитетіне ұсынды:                        

1. «Комбинированное лечение рака желудка: иммунологический подход», Жандосов О.К., «ВШОЗ», г.Алматы, Казахстан.(«Асқазан қатерлі ісігінің комбинирленген емі: иммунологиялық түрі», Жандосов О.К., «ВШОЗ», Алматы қ., Қазахстан)                                                   

2. «Изучение микрофлоры влагалища у беременных женщин с оценкой антибиотикограммы при  признаках дисбиоза», Кожабек Г.Б., КГМУ, г.Караганда, Казахстан. («Дисбиоз белгілері бар антибиотикограмманы бағалау кезіндегі жүкті әйелдердегіқынап микрофлорасын зерттеу», Қожабек Г.Б., КГМУ, Қараганды, Қазахстан).

22.12.2015, 03:28
502 қаралым