«Жаратылыстану - математика бағыты бойынша интеллектуалдық сайыс»

2019 жылдың 27 наурыз күні «ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледжі студенттерінің арасында пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу мақсатында «Жаратылыстану - математика бағыты бойынша интеллектуалдық сайыс» өтті. Сайыс барысында медицина колледжінің «Фармация», «Емдеу ісі», «Медбике ісі» мамандықтарының студенттері химия, биология, математика және физика пәндері бойынша 4 топ құрып жарысқа түсті. Бағдарлама бойынша қатысушылар әділ қазылар алдында өздерінің жоғары білімі мен шығармашылық қабілеттерін сайыстың жеті кезеңінде көрсетіп шықты. Атап өтсек, Сәлемдесу, Білімділер сайысы, Тәжірибелік дағдылар, Математикалық есептер шығару, 4 сурет 1 шешім, Физикалық шамаларды өлшейтін құралдармен жұмыс жасау және Химиялық эксперименттер түріндегі сайыс болды. Сайыс соңында топтар «Жүлделі орынмен, І,ІІ және ІІІ орынмен марапатталды.

1362 1

1362 2

1362 3

04.04.2019, 22:05
363 қаралым