Жарайсың, Жасмина!
2018 жылдың 28-29 шілде күндері Түркістан облысы пікірсайысшыларының ұйымдастыруымен «Махаббатқа толы ыстық жаз» дәстүрлі республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Ақтөбе, Астана, Өскемен, Алматы, Павлодар, Шымкент қалаларының пікірсайысшылары қатысқан турнир жоғары дәрежеде және тартысты өтті. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «Зиялы қазақ» дебат клубының төрайымы Асқарбаева Жасмина «Үздік төреші» номинациясын жеңіп алды. Оқу орнымыздың мақтанышы, Жасминаға алар асуың көп болсын демекпіз!
02.08.2018,
05:40
364 қаралым