Жаңа құрамның ректормен кездесуі!

2022 жылдың 28 қазан күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы мен Болашақ АЖО-ның жаңа құрамымен таныстыру және жетістікке жеткен белсенді студенттерді марапаттау мақсатында кездесу өтті. Жаңадан сайланған белсенді студенттеріміз бұл кездесуді асыға күтті.
Сонымен қатар 25 қазан «Республика күні» қарсаңында өзінің ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан берілген алғыс хатымен марапатталған Шымкент қалалық «Ассамблея жастарының» төрағасы, ЖМО-09-20 тобының 3 курс студенті Мейірбеков Нұрболат Нұрғалиұлын және «Бірлік» халықаралық жастар лагеріне қатысып, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» КММ-нен алғыс хат алған ЖМҚБ-01-20 тобының 3 курс студенті Нышан Мағжанды, республикалық жарыстардан орын алған белсенді студенттерді құттықтады.
Аталған кездесу барысында ОҚМА ректоры мен Студенттік ректор өздерінің алға қойылған жоспарларымен бөлісіп, ректор жаңа құрамды құттықтап, білім мен ғылым жолында сәттілік тілеп, жастарды белсенді салауатты өмірге шақырды.

31.10.2022, 14:22
411 қаралым