Жаңа құрамның ректормен кездесуі!

2022 жылдың 25 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы мен  Болашақ АЖО-ның жаңа құрамы арасында таныстыру мақсатында белсенді студенттер арасында кездесу өтті. Жаңадан сайланған белсенді студенттеріміз бұл шараны асыға күтті.

Аталған кездесу барысында ОҚМА ректоры мен Студенттік ректор  өздерінің алға қойылған жоспарларымен бөлісіп, ректор жаңа құрамды құттықтап, білім мен ғылым жолында сәттілік тілеп, жастарды белсенді салауатты өмірге шақырды.

Әлеуметтік мәселелер және жастар  саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім  ОҚМА ның  №2 ғимаратының 0 қабатында орналасқан Болашақ АЖО кабинетінің кілтін студенттік ректорга салтанатты түрде табыстап, сәттілік тіледі. 


Жаңадан сайланған «Болашақ АЖО» тізімі:
Әбдіғаппар Ерден Бақбергенұлы  - «Студенттік ректор»
Аманбай Гүлфарида Надырқызы - Студенттік үкімет кеңесшісі
Мейірбеков Нұрболат Нұрғалиұлы - «Оқу-тәрбие жұмыстары бойынша студенттік проректор» 
Әліайдар Аружан  Қуатханқызы  - «Даму-инновация жұмыстары бойынша студенттік проректор»
Пірімқұл Абай - «Медицина факультетінің студенттік деканы»
Әуелбек Шұғыла - «Фармация факультетінің студенттік деканы»
Өміртай Гульнур Елжасқызы - «Медицина колледжінің студенттік директоры»
Жүзгенбай Перизат - «Jas Otan жастар қанаты ұйымының төрағасы»
Пиримкулова Жанерке Мейрманқызы - «Альянс» ұйымының төрағасы
Салхуддинова Нұрай Амангелдіқызы - «КазМед» жастары ұйымының жетекшісі
Тулендиев Бердірахман Тобақабылұлы  - KAZMSA
Чапай Нұршат Қазыбекұлы - «Зиялы Қазақ» ИПК төрайымы
Туранхулов Мақсатбек Асқарұлы - «Барыс» спорт клубының басшысы
Гулам Қадыр Диана  Мухаммедзакирқызы  - «Еріктілер клубы» төрайымы
Нағашыбаева Жадыра Талғатқызы - «Айкөркем қыздар кеңесінің төрайымы»
Пайз Максат Құбанәліұлы -  «Шабыт өнер ұйымының төрағасы»
Дайрабай Нұрдаулет Талғатұлы - «Жатақхана студенттер кеңесінің төрағасы»
Нышан Мағжан Еркебұланұлы - «Бірлесу»
Шілтер Нұртілеу - Жайдарман ұйымының басшысы
Қасымова Алма Рүстемқызы – PR менеджер

27.01.2022, 22:25
557 қаралым