Жаңа бастамалар мен жаңа қадамдар!

26.04.2023 Қазақстан студенттер Альянсының Республикалық төрағасы Наукен.Ұ.А іс-сапармен келді. Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы күтіп алып, академиямыздың мұражайын көрсетіп, оқу орнымыздың тарихына қысқаша шолу жасады. Өз кезегінде төраға Наукен Ұлан білім алу үшін академияда барлық жағдай дерлік жасалынғанын және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тамсанысын білдірді. Іс-сапардың басты мақсаты: Оңтүстік Қазақстан медицина академиясымен Қазақстан студенттер Альянсы арасында бірлескен меморандум болатын. Оқу орнымыздың ректоры профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы меморандум арқылы екі жақты атқарылатын және бірлескен іс-шараларды өткізуге дайын екенін айтып өтті.

27.04.2023, 18:24
296 қаралым