Жалпы медицина факультетінің түлектеріне диплом табыстау!

2022 жылдың 12 шілдесі күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Жалпы медицина факультетінің бітіруші түлектеріне диплом беру рәсімі өтті. Іс-шараны ОҚМА ректоры М.Рысбеков ашып беріп, бітіруші түлектерді құттықтап ақ жол тіледі.

Ары қарай диплом табыстауды ОҚМА Бірінші проректоры Есіркепов М.М., Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор Анартаева М.Ұ., Жалпы медицина факультетінің деканы Долтаева Б.З., Терапиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Асанова Г.К., Жалпы медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Сейдахметова А.А., Жалпы медицина факультеті деканының орынбасары Дүйсенбаева М.М., және Фармакология фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі Тоқсанбаева Ж.С. жалғастырды.

Академияның қоғамдық өміріне белсене араласқан бітіруші түлектердің ата аналарына Жалпы медицина факультетінің деканы Долтаева Б.З ректордың алғыс хаттарын табыстады. Іс шара көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын концерттік бағдарламамен жалғасты.

Бітіруші түлектерді диплом алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!

13.07.2022, 16:44
319 қаралым