«Жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алады» сайысы

2017 жылдың 28 қараша  күні техникалық және кәсіби білім беру факультетінің «Емдеу ісі», «Медбикелік іс», «Фармация» және «Стоматология» мамандықтары арасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру“ атты мақаласында көрсетілген «Тәрбие және білім»  кіші бағдарламасын жастар арасында жан-жақты түсіндіру және  насихаттау, отансүйгіштік, адамгершілік сезімін қалыптастыру, рухани байлығын дамыту, талантты жастардың шығармашылығын шыңдау мақсатында “Жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алады”  атты  тақырыбында сайыс өтті.

1139

 

Іс-шараны техникалық және кәсіби білім беру факультеті  медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар,  әлеуметтік - гуманитарлық пәндер, жұқпалы аурулар және дерматовенерология  кафедраларымен  бірлесіп ұйымдастырды.

Байқауға «Жедел жәрдем» , «Мейірімді медбикелер», «Фармлайн»  және «Болашақ стоматологтар» топтары құрылып сайысқа түсті.

1140

 

Сайыскерлер сайыста өз өнерлерімен, білімділігімен, шеберлігімен және тапқырлығымен көрермендерді таңқалдырды. Өнерлі студенттердің  демеушілік етуімен арасында ән шырқалып, мың бұралған бишілер билеп, КТК –ның жігіттері әзілдерімен көрерменнің көңілінен шықты. Сайыстың нәтижесі әділ-қазы алқасының шешімімен қорытындылай келе жеңімпаз топтар анықталды.

Сайыста «Фармлайн» тобы І - ші орынды, «Болашақ стоматологтар» тобы ІІ - ші орынды иеленді.  «Жедел жәрдем» тобы «Ізденімпаз топ», ал  «Мейірімді медбикелер» тобы «Өнерлі топ» номинацияларымен марапатталды.

Зәуір Ақылбек «Күміс көмей», «Фармлайн» тобының биші қыздары «Дала өрнегі», Абдрахманова Ақбөпе «Артистік шеберлігімен»,  Алтынбеков Давлет «Үздік топ басшы» номинацияларымен марапатталды.

1141

 

Студенттік кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.Баймбетова барлық қатысушы топтарға  бағалы сыйлықтарын табыстады.

Факультет деканы М. Отыншиев іс-шараның соңында сөзге шығып, жастардың бойынан отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілікті және болашаққа сеніммен қадам басқан тәуелсіз елдің батыл да, намысты ұрпақтарын байқағандығын айта келе, сайыстың өткізілуіне қаржылай демеушілік еткені үшін студенттік кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.Баймбетоваға, ұйымдастыруға өз үлесін қосқаны үшін факультеттің әдіскері   С. Құдайбергеноваға және кафедра меңгерушілеріне, ат салысып, белсене қатысқан белсенді студенттерге де өз  алғысын  білдіріп,  алғыс хаттармен  марапаттады.

1142

29.11.2017, 22:20
266 қаралым