«Жүректен жүрекке!» акциясы

2018 жылдың 7 желтоқсанында м.ғ.д профессор Досыбаева Г. Н. басшылығымен ЖТД-2 кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және дәрігер-интерндер Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының(ГБОО) клиникалық базасының дәрігерлерімен бірлесіп, Түркістан облысының Толеби ауданындағы балалар үйіндегі мүгедек балаларға арналған қайырымдылық акциясына қатысты. 

1293 1

ГБО орталығының бас дәрігері М.С. Ермахамбетовамен бірге Төлеби ауданындағы 100 -ден астам мүгедек балалар жиналды. Балалар үйіндегі балалар мен ОҚМА жалпы медицина мамандығының 1 курс студенттері бірлесіп концерт қойып, цирк қойылымдары және қайырымдылық түскі ас ұйымдастырылды. Бағдарламаның соңында демеушілерден - азық-түлік, ойыншықтар мен кеңсе заттары (ОҚMA-дан) сыйлықтар берілді. Іс-шара Президент күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнайы ұйымдастырылды.

1293 2

Тасарық ауылындағы балалар үйінде мүгедек балалар мен жетім балалар үшін оларды оңалту және емдеуге жақсы жағдайлар жасалған.

Ізгі тілектер, іс-шараны ұйымдастырушылардан құттықтау сөздер, қатысушылардың ойын-сауық бағдарламасы, цирк және барлық балаларға арналған сыйлықтар ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Қайырымдылық және ізгі-ниет, бауырмалдылық пен белсенділік танытқан біздің студенттер мен интерндерге балалар мен олардың ата-аналары ризашылық танытып, алғыстарын білдірді.

1293 3

22.12.2018, 00:32
330 қаралым