«ЖҮРЕКТЕН - ЖҮРЕККЕ»
2018 жылдың 16 наурызында фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология каферасы, «ОҚМА» АҚ басшылығының қолдауымен және жастар ресурстық орталығының Оңтүстік Қазақстан облысының отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі департаменті мен «Бізбен бірге» белсенді еріктілер мектебінің қатысуымен №7 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мүгедек балалар үшін «Жүректен – жүрекке» атты қайырымдылық акциясын облыстық деңгейде өткізді. Іс-шараны өткізудің мақсаты мүгедек балалардың мәселелеріне қоғам назарын аудару және алғыс айту күні аясында қайырымдылық іс-шараларын жүргізу болып табылды.
Акцияға кафедра қызметкерлері, фармация факультетінің тәлімгерлік топтарының студенттері, медицина факультетінің белсенділері және еріктілер қатысты. Олар қызықты интерактивті ойындар, заманауи әндер және сахыналық көріністер көрсетті. Орталықтағы тәрбиеленушілер көрсетілген концерттік бағдарламаны үлкен ынтамен қарсы алды. Концерттен кейін қайырымдылық түскі ас ұйымдастырылды.
«ОҚМА» АҚ фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы (кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Керимбаева З.А.), Оңтүстік Қазақстан облыстық отбасылық, балалар және жастар ісі жөніндегі облыстық жастар ресурстық орталығына (басшысы Дуйсебеков Б.Т) шексіз ризашылығын білдіреді.
Арнайы алғысымызды фармация мамандығында оқитын тәлімгерлік топтарға, медицина мамандығының белсенді студенттеріне және ұйымдастыру жұмыстарына барша атсалысқан студенттерге Асан Б., Құрбанәлі Д., Асылбек А. және Тәліп А. білдіреміз.
Мұндай іс шаралар болашақ ұрпаққа үлгі болады деп үміттенеміз және бұл болашақта жақсы істердің бастамасы болатынына кәміл сенеміз.