«Жұқпалы аурулар және дерматовенерология» кафедрасында өткен ассистент Ф.Мұхтарқызының ашық сабағы
2016 жылғы 11 ақпанда «жұқпалы аурулар және дерматовенерология» кафедрасында ассистент Ф.Мұхтарқызының 505 ҚДС тобында «Қоздырғыштары парентеральді және жыныстық жолмен берілетін вирусты гепатиттердің (ВВГ, ДВГ, СВГ, GВГ) этиологиясы, эпидемиялық үдерістің сипаттамасы, алдын алуға қазіргі кездегі әдістемелік көзқарас. АИВ-инфекциясының этиологиясы, эпидемиялық үдерістің сипаттамасы, Қазақстанда және әлемде АИВ-инфекциясының таралуын ескертудің ұйымдастыру қағидалары» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақтың қағидалары. TBL немесе командалық - бағытталған оқыту (TBL–кіші топтарда оқыту әдісі) студентке топта жұмыс істеу дағдысын дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың топтық әдісі. Бұл әдіс бойынша студенттердің шағын топтары команда ретінде өзара байланысып, пәннің мазмұнын қарапайым және күрделі мәселелерді шешуде қолданады және пән мұғалімін сарапшы ретінде пайдалана отырып, кері байланыс жасайды. Сонымен, TBL әдісі, яғни командамен бірлесе жауап беру, біреулеп жауап бергенге қарағанда студенттердің коммуникативті, мінез-құлық, кәсіби дағдыларын дамытып жетілдіреді, соның нәтижесінде оқу материалының қабылдауын жақсартады.
TBL -әдісі табысты жүзеге асуы үшін төрт қағидаларын ұстану қажет:
1. Дұрыс құрылған және басқарылатын топтардың болуы;
2. Әрбір студенттің аудиториядан тыс дайындығын және командалық жұмысын бағалануы;
3. Оқытуды ынталандыратын, команда құрамдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін және өзін-өзі дамытуға ықпал ететін командалық тапсырмалардың болуы;
4. Тапсырмалар мен тест түріндегі жиі және дереу кері байланыстың болуы;
Ашық сабақ 3 бөлімнен тұрды:
1. Тақырыпты кіші топтарда талқылау;
2. Визуалды меңгеру;
3. Тақырыпты дискуссия әдісімен меңгеру.
Сабақтың басында студенттерге сұрақтар жасырынған пазлдар ұсынылды, сабақ барысында студенттер тақырып бойынша білімдерін көрсетті, сонымен қатар лото-карточкалар, криптограммалар, оқыту бейнефильмдері, тақырып бойынша нормативтік-құқықтық актілер бойынша сұхбаттасу әдістері қолданылды.
Ашық сабақ инновациялық технологиялар бойынша әдіскер-маманы Пан А.В., клиникалық пәндер ОӘО мүшелері Шапамбаев Н.З., Акбердиева Г.У., Сметова Р.А., жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі Абуова Г.Н., сонымен, кафедра доценті Бердалиева Ф.А., және кафедра оқытушыларының қатысуымен өтті. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Студенттер тақырыпты жақсы меңгергендігін және белсенділіктерін көрсетті.