Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында Үндістан мен Қазақстанның достығы күні

2019 жылдың 20 қарашасында жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында Қазақстан мен Үндістанның достығы күні өтті. Аталған іс-шараға 4 курс «Жалпы медицина» ағылшын тілді студенттері және резидент - инфекционисттер және ПОҚ қатысты. Іс-шараның мақсаты - екі елдің студенттерінің жақындасуы, ақпарат алмасуы, мәдени байланыс.

1476 1

Қазақстан мен Үндістандағы эпидемиологиялық жағдай туралы, Шымкент қаласындағы (Қазақстан) және Жапур қаласындағы (Үндістан) аурухана және госпитальдың құрылымында медициналық көмекті ұйымдастыру туралы презентациялар ұсынылды.

1476 2

Үндістан студенттері гомеопатия әдісінің ерекшеліктерін және оны белгілі бір ауруларды емдеудегі тәжірибесімен бөлісті. Өз кезегінде резидент-инфекционистер бірауыздан студенттерге дәстүрлі емдік сусын қымызын ұсынып, оның пайдалы қасиеттерімен таныстырды.

1476 3

Қазақстан мен Үндістан халықтарының салт-дәстүрлері мен танымдық қызығушылықтарын дамыту мақсатында екі елдің басты мейрамдарын атап өту ерекшеліктері мен нәзіктіктерін көрсететін тұсаукесерлер дайындалды. Қатысушылар өздерінің ерлер мен әйелдердің ұлттық киімдерін көрсетті және әндер шырқалды, қонақтар мен студенттер үшін қызықты әрі мазмұнды болды.

1476 4

Конференция соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

08.12.2019, 00:02
364 қаралым