«Жүйке аурулары диагностикасындағы нейровизуализацияның мүмкіншіліктері»

2020 ж. қазан айының 15-16 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының мәжіліс залында «Жүйке аурулары диагностикасындағы нейровизуализацияның мүмкіншіліктері. Клиникалық жағдайлар» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Семинарды ОҚМА-ның неврология, психиатрия және психология кафедрасы және Облыстық клиникалық ауруханасының МРТ бөлмесі ұйымдастырды.

1565 1

Нейровизуализацияның заманауи әдістері мидағы құрылымдық өзгерістерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар ми қанайналымын әр түрлі деңгейде, диффузиялық процестерді, церебральды метаболизмді, сондай-ақ мидың кейбір бөліктерінің функционалдық күйін бағалауға мүмкіндік береді. Семинарды өткізу осы тақырыптың өзектілігімен белгіленді, әр клиницист дәрігерде нейровизуализациялық әдістер туралы түсініктің болуы, МРТ және КТ суреттерін түсіндіре білу, сонымен қатар МРТ мамандарымен бірге ең қиын клиникалық жағдайларды шеше білуі қажет. Семинар барысында тақырыпқа жалпы шолу және заманауи нейробейнелеу технологияларын қолданудың жеке тәжірибесі қарастырылған.

1565 2

Бұл онлайн семинарға әр түрлі қалалар мен облыстардан жүзге жуық тыңдаушы қатысты.

Конференция модераторы: ОҚМА-ның неврология, психиатрия және психология кафедрасының меңгерушісі Жаркинбекова Н.А., спикер ретінде бірқатар баяндамалар жасаған облыстық клиникалық аурухананың МРТ бөлмесінің дәрігері Навесова В.Ш., сонымен қатар екінші оқу жылының резиденттері.

1. Неврологиядағы сәулелік диагностика әдістері.

Тыңдаушылар сәулелік диагностика әдістерінің (рентген, КТ, МРТ) негіздерімен, олардың ашылу тарихымен және одан әрі даму барысымен таныстырылды. Әдістердің физикалық және техникалық негіздері қарастырылды, осы әдістерді жүзеге асырудағы көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Құрылымдық және функционалды нейробейнелеудің жаңа әдістері талқыланды: диффузия және перфузия, функционалды МРТ.

2. Бас миының МРТ анатомиясы.

Мидың сәулелік анатомиясының мәселелері талқыланды. Мидың жеке анатомиялық құрылымдары және олардың әртүрлі КТ, МРТ бейнелеріндегі суреттері берілді.

3. Мидың тамырлы аурулары кезіндегі МРТ диагностика.

Цереброваскулярлық аурулардың рентгенологиялық диагностикасы ұсынылды; ишемиялық және геморрагиялық инсульттің диагностикасы және дифференциалды диагностикасы; Ми мен жұлынның қан тамырларының даму ақаулары. Қан тамырларының стеноклюзиялық зақымдануларының сәулелік диагностикасы. Орталық жүйке жүйесінің артериялары мен веналарының тромбозы. Созылмалы ишемияның MR белгілері.

4. Демиелинизациялық аурулардың МРТ диагностикасы.

Демиелинизациялық аурулардың сәулелік диагностикасының мәселелері талқыланды. Шашыранды склероз бен Девик оптикомиелиттің патогномиялық MR-белгілері қарастырылды. Шашыранды склероз және мидың қантамырлық өзгерістерінің диагностикасы мен дифференциалды диагностикасындағы нейробейнелеу әдістері көрсетілді.

5. Клиникалық жағдайлар

Ақпараттық баяндамалардан басқа, әртүрлі нозологиядағы науқастардың қызықты, мазмұнды клиникалық жағдайлары талданды.

-  Бас миы синустарының тромбозы - науқас Е., 25 жаста, Covid-19 байланысты ми синустарының тромбозы.

-  Бас миының созылмалы ишемиясы - науқас У., 45 жаста, бас миының созылмалы ишемиясы диагнозы қойылған. Лакунарлы инфаркттар мен демиелинизациялық ошақтар арасындағы дифференциалды диагностика талқыланды, мүмкін болатын ЦАДАСИЛ синдромы?

-  Ми аневризмасы - науқас К., 51 жаста, фузиформды аневризма бойынша жасалынған селективті ангиография нәтижесінде ООМА бассейнінде туындаған қайталамалы ишемиялық инсульт.

-  Шашыранды склероз - науқас Л, 20 жаста, шашыранды склероз, ремиттирлеуші ағымы диагнозымен. Аурудың клиникалық көрінісі және МРТ динамикасы.

-  Девик оптикомиелиті - науқас М., 37 жаста, Девик оптикомиелиті, декомпенсация сатысында диагнозымен. Аурудың клиникалық көрінісі және МРТ динамикасы

1565 3

Семинар дәрігерлерге - сәулелік диагностика мамандарына, невропатологтарға, нейрохирургтарға, психиатрларға, терапевтерге, жалпы практика дәрігерлеріне, педиатрларға және басқа мамандықтардың дәрігерлеріне арналған.

Цикл аяқталғаннан кейін сертификаттар берілді.

22.10.2020, 04:20
355 қаралым